«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған жартыжылдыққа шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.
«Атом энергетикасын қолдау декларациялардан іс жүзінде іске асыруға көшті. Бұл тренд негізгі нарықтардағы айтарлықтай өзгерістермен расталады. 2050 жылға қарай атом қуатын үш есе арттыру туралы жаһандық Декларацияны қазірдің өзінде 38 мемлекет, соның ішінде Қазақстан да қолдап отыр. Олардың үлесіне әлемдік ЖІӨ-нің 70%-дан астамы тиесілі. Бұл бүкіл индустрия үшін қуатты серпін»- деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
«Сонымен бірге, іргелі өсім бағаның оң динамикасымен ұласуда. Ұзақ мерзімді индикаторлар соңғы 18 жылдағы ең жоғары мәндерде — уран тотығы-шала тотығының бір фунты үшін 90 доллардан асып — сенімді түрде сақталып отыр, осылайша стратегиямызды жүзеге асыру және келісімшарттар жасасу қарқынын күшейту үшін қолайлы жағдайлар туғызуда. Уран нарығы құрылымдық ауысым туралы нақты белгі беруде. Энергокомпанияларының басты басымдығы уран жеткізілімдерінің болжамдылығы мен кепілді үздіксіздігі болып табылуда, ал сатып алу стратегиялары ұзақ мерзімді резервтерді құруға көшуде.
Осындай серпінді нарық жағдайында Компанияның тұрақты қаржылық және операциялық нәтижелері біздің стратегиямыздың тиімділігін дәлелдейді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрақсыз макроэкономикалық жағдай мен валюта бағамдарының ауытқуына қарамастан, Топ кірістің өсуін және тұрақты қаржылық позицияларды көрсетті. Шоғырландырылған кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артып, шамамен 718 млрд теңгеге жетті. Өсім жоғары қаржылық тәртіп пен уран бағасының жоғарлауы аясында орын алды.
Дегенмен, қолайсыз макроэкономикалық факторлар бізді қоса алғанда, бүкіл сала ауқымында уран өндірісінің өзіндік құнына теріс әсерін тигізді. Жаңа шындық «арзан уран дәуірінің» аяқталып жатқанын көрсетеді. Бұл ретте, үздіксіз және көміртегісіз электр энергиясымен қамтамасыз етудің іргелі қажеттілігі бұрынғыдан да күшейе түсуде. Энергия компаниялары да жаңа шындықты түсініп отыр, сондықтан уранға деген ұзақ мерзімді сұраныс тұрақты өсім көрсетуді жалғастырады. Біз өзіміз өндірген уранның әрбір килограмына нақты және күтіп отырған сатып алушы табылатынына сенімдіміз».
Компанияның корпоративтік оқиғалары
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану кодекске өзгерістер
2026 жылғы 7 шілдеде «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Қазақстан Республикасының (ҚР) Заңдарына қол қойылды. Аталған заңдар ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, 2026 жылдың 7 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардағы меншік үлесі
Енді заңнама кен орнының түріне қарай уран өндіру операцияларын лицензиялау жөніндегі реттеуші талаптарды бөледі. Ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тәсілмен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесі) пысықтауға жарамды кен орнында жер қойнауын пайдалану құқығы акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаға ғана берілуі мүмкін. Жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен өңдеуге жарамды кен орындары үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру өзгеріссіз қалады (яғни, мұндай келісімшартты беру ұлттық компанияның қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде 75%-дан асатын заңды тұлғаның пайдасына ғана мүмкін болады). Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп уран саласындағы ұлттық компания мәртебесіне ие.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданылу мерзімін ұзарту
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын алғаннан кейін уран өндіру кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдауға құқылы.
Бұл ретте уран өндіруге арналған келісімшарттың талаптарында және жекелеген келісімдерде Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің 173-бабының 5-1-бөлігінде көзделмеген мөлшерлес міндеттемелер бекітілуі тиіс. Аталған міндеттемелер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және/немесе мемлекет үшін жалпыұлттық маңызы бар стратегиялық жобаларды іске асыруға байланысты болуы тиіс. Мұндай жобаларды уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысы (акционері) және/немесе шетелдік үкімет ұсынады.
Уранды барлау қызметін лицензиялау
Уранды барлау операцияларының реттеуші режимі лицензиялықтан келісімшартқа өзгертілді. Уранды барлауға арналған жаңа келісімшарттардың қолданылу мерзімі бір мезгілде қатарынан бес жылға дейінгі кезеңге ұзартылуы мүмкін. Осылайша, уранды барлау келісімшартының ең жоғарғы мерзімі 11 жыл болады.
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу
Бұрын өндіру кәсіпорындары дербес орындайтын уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды енді өкілеттіктері «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» ҚР 2026 жылғы 7 шілдедегі №335-VIII Заңында жеке бекітілген радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор ғана жүзеге асыратын болады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу
Бұрын хабарлағандай, Компания акционерлерге 2025 жылғы дивидендтерді төлеуді 2026 жылдың 29 шілдесінде аяқтады. Төлемдердің жалпы сомасы 335 158 763 820,16 теңгені (үш жүз отыз бес миллиард жүз елу сегіз миллион жеті жүз алпыс үш мың сегіз жүз жиырма теңге 16 тиын) немесе бір жай акцияға (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 1 292,27 теңгені (бір мың екі жүз тоқсан екі теңге 27 тиын) құрады. Бұл шешім 2026 жылғы 26 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) қабылданған. Әртүрлі юрисдикциялардағы дивидендтерді бөлу тәртібі туралы толығырақ ақпарат алу үшін акционерлер өз брокерлеріне тікелей жүгінуі тиіс.
Жалпақ кен орнының қайта өңдеу кешенін іске қосу
Жалпақ кен орнын игеру жобасы аясында «Орталық «ӨК» ЖШС жылдық өндірістік қуаты 900 тонна болатын жерүсті қайта өңдеу кешенінің құрылысын жүзеге асырды.. 2026 жылғы шілдеде қуаты жылына 500 тоннаға дейін жететін қайта өңдеу цехы пайдалануға берілді. 2027 жылы 900 тонналық жобалық қуатқа шығу жоспарлануда.
Күкірт қышқылы зауыты жобасының мәртебесін жаңарту
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйым «Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС (TQZ) нысанының учаскелерінің бірінде жер қазу жұмыстары барысында ықтимал палеонтологиялық үлгілердің анықталғаны туралы Компанияға хабарлады. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы ұлттық заңнаманың талаптарын орындау үшін зардап шеккен аймақтағы құрылыс жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың оларды қайта бастауға ресми рұқсатын алған сәтке дейін тоқтатылды. Анықтау аймағында үлгілерді қауіпсіз алу және зертханалық зерттеу мақсатында арнайы қазба жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.
Осы жағдайдың TQZ құрылыс кестесіне әсерін түпкілікті есептеу регламенттік іс-шараларды аяқтау және уәкілетті органдардың ресми қорытындысын алу фактісі бойынша жүргізілетін болады. Зардап шеккен аймақта құрылыс жұмыстарын қайта бастау мерзімдері үлгілерді зертханалық талдау және іргелес аумақтарды зерттеу нәтижелеріне байланысты болады. Қосымша үлгілер анықталған және/немесе қазба жұмыстары жүргізілетін аумақ кеңейген жағдайда, инфрақұрылым объектілерін тиісті аумақтан тыс жерге орналастыру мақсатында зауыттың жобалық-сметалық құжаттамасын қайта қарау қажет болуы мүмкін. Зардап шеккен алаңдағы жұмыстардың мәжбүрлі тоқтатылуына байланысты, бастапқыда 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған TQZ пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі 2027 жылдың үшінші тоқсаны мен 2028 жылдың бірінші тоқсаны арасындағы кезеңде болжанады, бұл жоба кестесінің 6-12 айға кейінге шегерілуін білдіреді.
Ағымдағы кезеңде Компания TQZ құрылыс кестесінің өзгеруі оның өндірістік қызметіне айтарлықтай әсер етпейді деп күтеді. Қазатомөнеркәсіп күкірт қышқылымен қамтамасыз етудің қолжетімді көздерін ескере отырып, қалыптасқан жағдайдың әлеуетті әсерін бағалайтын болады. Тиісті бағалау компанияның 2027 жылға арналған өндірістік болжамдарын қалыптастыру кезінде ескерілетін болады.
Өндірістік объектілеріне сапар
Бұған дейін хабарланғандай, Қазатомөнеркәсіп инвестициялық қоғамдастық өкілдері үшін 2026 жылғы 6–7 қазанда Компанияның уран кеніштеріне екі күндік техникалық тур ұйымдастырады. Мүдделі инвесторлар мен талдаушылар 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде мына сілтеме бойынша алдын ала тіркеуден өте алады.
Негізгі қаржылық көрсеткіштер
|
|
30 маусымда аяқталған 6 ай |
|
|
|
(егер өзгеше көрсетілмесе, миллион теңгемен) |
2026 |
2025 |
өзгеріс |
|
Топтың шоғырландырылған кірісі |
717 834 |
660 167 |
9% |
|
Операциялық пайда |
252 554 |
253 665 |
(0%) |
|
Таза пайда |
240 428 |
263 233 |
(9%) |
|
Меншік иелеріне жатқызылатын акцияға шаққандағы таза пайда (базалық және бытыраңқы) теңге/акция 1 |
604 |
779 |
(22%) |
|
Мыналарға жатқызылатын түзетілген таза пайда (бір реттік әсерсіз): 2 |
240 428 |
263 233 |
(9%) |
|
Собственников Компании |
156 555 |
202 068 |
(23%) |
|
EBITDA түзетілген көрсеткіші 2 |
371 252 |
363 111 |
2% |
|
EBITDA көрсеткіші (қатысу үлесіне пропорционалды) 3 |
264 840 |
302 408 |
(12%) |
|
Операциялық ақша ағыны4 |
239 590 |
532 870 |
(55)% |
1 Компанияның меншік иелеріне жатқызылатын, Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдаудың ШЫҒАРЫЛҒАН АКЦИЯЛАР 9.0-бөліміндегі шығарылған акциялардың жалпы санына бөлінген, ең жақын бүтін теңгеге дейін дөңгелектелген кезеңдегі пайда ретінде есептеледі.
2 Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық баптарды алып тастау арқылы есептеледі. Есептеу: салыққа дейінгі пайда-қаржылық кірістер + қаржылық шығындар +/- бағамдық айырмашылық бойынша таза (пайда)/шығын + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру +/- бір және жалқы оқиғалар.
3 «Аппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС, «Turanium» ЖШС және «Буденовское» БК» ЖШС түзетілген EBITDA көрсеткішіндегі бақыланбайтын үлесті және Топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегеріп, БК және қауымдастырылған кәсіпорындардың таза пайдасындағы үлесті және уран сегментінде жұмыс істейтін бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың EBITDA түзетілген көрсеткішінің үлесін шегергендегі EBITDA түзетілген өлшемі ретінде есептеледі.
4 Табыс салығы мен төленген сыйақыларды қамтиды.
Қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелерін талдау және шоғырландырылған қаржылық есептілік
Қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелерін талдауда және 2026 жылғы 30 маусымда аяқталған алты ай кезеңіне арналған шоғырландырылған қаржылық есептілікте (аудиттелмеген, аудиторлардың шолуы бар) Қазатомөнеркәсіптің алты айдағы қызметінің нәтижелері туралы толық ақпарат берілген. Осы пресс-релизді Компанияның www.kazatomprom.kz. корпоративтік интернет-ресурсында бар жоғарыда аталған құжаттармен бірге қарастырған жөн.
Кіріс, таза пайда және EBITDA көрсеткіштері
Топтың шоғырландырылған кірісі 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 717 834 млн теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% - ға ұлғайды (2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 660 167 млн теңге), негізінен уранның споттық бағасының өсуіне байланысты АҚШ долларымен бір фунт үшін орташа өткізу құнының артуы есебінен.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша операциялық пайда 252 554 млн теңгені құрады, бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы деңгеймен (253 665 млн теңге) шамалас.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында таза пайда 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% - ға төмендеп 240 428 млн теңгені құрады (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында – 263 233 млн теңге), негізінен бағамдық шығынның көп болуына және қаржылық шығыстардың өсуіне байланысты:
- теңге бағамының АҚШ долларына қатысты нығаюынан туындаған 19 351 млн теңге мөлшеріндегі бағамдық шығын (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында: 12 741 млн теңге мөлшеріндегі бағамдық шығындар);
- АҚШ долларымен деноминацияланған ақшалай қаражат көлемі мен қаржылық құралдар кірістілігінің төмендеуіне байланысты қаржылық кірістің 24 323 млн теңге деңгейіне дейін төмендеуі (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында: 30 914 млн теңге);
- қаржылық шығыстардың 14 524 млн теңге деңгейіне дейін өсуі (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында: 9 039 млн теңге).
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында түзетілген EBITDA көрсеткіші 371 252 млн теңгені құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырмалы деңгейде (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында – 363 111 млн теңге).EBITDA көрсеткіші 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша қатысу үлесіне пропорционалды түрде 264 840 млн. теңгені құрады, 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12% төмендеді (302 408 млн теңге), бұл көбінесе өткізу көлемінің ұлғаюынан туындаған, бақыламайтын қатысу үлесіне тиесілі өндіруші кәсіпорындардың EBITDA үлесінің өсуімен және соның нәтижесінде Компания меншік иелеріне тиесілі EBITDA үлесінің азаюымен байланысты.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізудің өзіндік құны 427 519 млн теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өсті (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында – 373 666 млн теңге), бұл негізінен өндірістің өзіндік құнының ұлғаюымен, сонымен қатар бақыламайтын қатысу үлесі бар бірлескен қызметтер (БҚ) және консолидацияланатын еншілес кәсіпорындардан өндірген және үшінші тараптарға сатылған уранды өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты.
Өткізу шығыстары
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізу шығыстар 14 819 млн теңгені құрады (2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 12 012 млн теңгемен салыстырғанда). 23% ұлғаю негізінен уран өнімдерін жеткізу пункттерінің өзгеруіне, тасымалдау тарифтерінің өсуіне байланысты.
Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ)
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы және әкімшілік шығыстар 22 942 млн теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсті (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында – 20 824 млн теңге).
Өтімділік
Топ өзінің өтімділігін өз міндеттемелерін уақытында өтеу үшін, қолайсыз шығындардан аулақ болуға және қаржылық міндеттемелерін орындауға жеткілікті қажетті қаражаттың тұрақты болуын қамтамасыз ететіндей етіп басқарады.
|
(миллион теңгемен) |
2026 жылғы 30 маусымға |
2025 жылғы 31 желтоқсанға |
2025 жылғы 30 маусымға |
2026 жылдың 6 айындағы өзгеріс |
|
Қаражат және оның баламалары |
360 669 |
347 398 |
583 885 |
4% |
|
Шұғыл депозиттер |
28 |
28 |
28 |
0% |
|
Барлық қаражат |
360 697 |
347 426 |
583 913 |
4% |
|
Қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома |
74 762 |
77 296 |
116 551 |
(3%) |
2026 жылғы 30 маусымға қысқа мерзімді депозиттерді қоса алғанда, ақша қаражаттары мен олардың баламаларының жалпы сомасы, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы 347 426 млн теңгемен салыстырғанда 4% ұлғайып, 360 697 млн теңгені құрады. 2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 583 913 млн теңгемен салыстырғанда 38% төмендеді, бұл негізінен операциялық ақшалай ағынның төмендеуіне, сондай-ақ 2026 жылғы маусымда 100 млн АҚШ доллары сомасына ұзақ мерзімді купондық облигациялардың өтелуіне байланысты. Басқа түсініктемелер Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдау 7.4 Ақша қаражаттарының қозғалысы бөлімінде көрсетілген.
Топқа қол жетімді корпоративтік несие желілері 12 ай ішінде өтелетін өтімділіктің қосымша көзі болып табылады және ең алдымен сауда дебиторлық берешегінің біркелкі емес түсіміне байланысты уақытша ақша тапшылығын жабу үшін қолданылады. 2026 жылғы 30 маусымға қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома 74 762 млн теңгені (156 млн АҚШ доллары) құрайды және мыналардан тұрады:
- 73 493 млн теңге сомадағы корпоративтік несиелік желілер (153 млн АҚШ доллары) және
- Еуразиялық Даму Банкінен ЕАДБ-дан 1 269 млн. теңге (2,6 млн АҚШ доллары) мөлшерінде «Буденовское» БК» ЖШС қарызының іріктеуге қолжетімді бөлігі.
Борыштық левередж коэффициенттері
Келесі кестеде қаржылық тұрақтылықты өлшеу үшін компания басшылығы қолданатын негізгі коэффициенттер келтірілген. EBITDA түзетілген көрсеткіші бойынша Компания басшылығының мақсатты мәні 1,0-ден төмен.
|
(миллион теңгемен) |
2025 жылғы 31 желтоқсанға |
2025 жылғы 30 маусымға |
2026 жылдың 6 айындағы өзгеріс |
|
|
Барлық несиелер мен қарыздар (кепілдерді қоспағанда) |
203 576 |
207 653 |
192 234 |
(2%) |
|
Қаражаттың барлық балансы (Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдаудың 7.1 бөлімді қараңыз) |
(360 697) |
(347 426) |
(583 913) |
4% |
|
Таза қарыз |
(157 121) |
(139 773) |
(391 679) |
12% |
|
EBITDA* түзетілген көрсеткіші |
1 039 802 |
1 133 489 |
1 082 809 |
(8%) |
|
Таза қарыз / EBITDA түзетілген көрсеткіші (коэффициент) |
(0,15) |
(0,12) |
(0,36) |
25% |
* Таза қарыз/түзетілген EBITDA коэффициентін есептеу мақсатында 2025 және 2024 жылғы 6 айдағы түзетілген EBITDA көрсеткіші 12 ай (есепті кезеңнің бірінші жарты жылдығы және алдыңғы кезеңнің екінші жарты жылдығы) негізінде есептелді. Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық мақалаларды алып тастау арқылы есептеледі. Есептеу: салыққа дейінгі пайда-қаржылық кірістер + қаржылық шығындар +/- бағамдық айырмашылық бойынша таза (пайда)/шығын + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру +/- бір және жалқы оқиғалар.
Уран сегментінің өндірістік көрсеткіштері
|
|
|
30 маусымда 6 айындағы өзгеріс |
|||
|
|
|
2026 |
2025 |
өзгеріс |
|
|
Өндіріс көлемі U3O8 (100% негізде) |
тонна |
13 291 |
12 242 |
9% |
|
|
млн фунтов |
34,6 |
31,8 |
9% |
||
|
Өндіріс көлемі U3O8 (қатысу үлесіне пропорционалды) 1 |
тонна |
7 054 |
6 431 |
10% |
|
|
млн фунтов |
18,3 |
16,7 |
10% |
||
|
Сату көлемі U3O8 (шоғырландырылған) |
тонна |
7 586 |
7 625 |
(1%) |
|
|
млн фунтов |
19,7 |
19,8 |
(1%) |
||
|
Компанияның сату көлемін қоса алғанда 2 |
тонна |
6 083 |
6 987 |
(13%) |
|
|
млн фунтов |
15,8 |
18,2 |
(13%) |
||
|
Топтың дайын өнімінің қалдықтары U3O8 |
тонна |
8 245 |
6 677 |
23% |
|
|
млн фунтов |
21,4 |
17,4 |
23% |
||
|
Компанияның дайын өнімінің қалдықтарын қосқ. U3O83 |
тонна |
6 200 |
5 372 |
15% |
|
|
млн фунтов |
16,1 |
14,0 |
15% |
||
|
Топтың сатуларының орташа бағасы |
АҚШ долл/фунт |
67,88 |
58,54 |
16% |
|
|
АҚШ долл/фунт |
64,51 |
57,27 |
13% |
||
|
Компанияның орташа сату бағасы 4 |
АҚШ долл/фунт |
85,98 |
69,11 |
24% |
|
|
Орташа апталық спот бағасы |
АҚШ долл/фунт |
86,83 |
69,38 |
25% |
|
1 U3o8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды) Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдаудағы 4.8 Еншілес кәсіпорындармен, БК, БО және қауымдастырылған кәсіпорындармен мәмілелер бөлімдегі Компанияның корпоративтік орталығының (КО) сатып алған уранының көлеміне тең емес. «Инкай» БК» ЖШС үшін жылдық өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) кәсіпорын қатысушылары арасында жасалған сату туралы келісімге сәйкес айқындалады,
2 Компанияның КО сату көлемі (Топта ескеріледі): Компанияның КО және THK сыртқы сатып алушыларына сатудың жалпы көлемін қамтиды. Компанияның КО мен THK арасындағы Топ ішіндегі мәмілелер есепке алынбайды. Бұл ретте, Топтың U3O8 өндіріс көлемінің бір бөлігі «Үлбі-ТВС» ЖШС-де БҮӨ, отын таблеткаларын, сондай-ақ жылу бөлетін жинақтарды (ЖБЖ) өндіруге жұмсала алады.
3 Компанияның дайын өнімі қалдықтарының көлемі (Топта ескеріледі): Компанияның КО және THK қалдықтарының жалпы көлемін қамтиды.
4 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ және THK соңғы сыртқы сатылымдары үшін бір фунт уран концентратының орташа өлшенген бағасы. ҚАӨ және THK арасындағы Топ ішіндегі мәмілелер бойынша бағалар қосылмаған.
5 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр аптадағы спот бағасының орташа бағасын емес, айдың соңындағы уранның спот бағасының орташа бағасын білдіреді, өйткені келісімшарт бағасының шарттары әдетте айдың соңындағы бағамен байланысты.
Компанияның 2026 жылға арналған өндірістік болжамды күтулеріне және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес, 2026 жылға арналған өндіру жоспарының ұлғаюымен байланысты өндіріс 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 100% және қатысу үлесіне пропорционалды түрде жоғары болды.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында топтың сату көлемі 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сәйкес болды, бұл операциялық көрсеткіштердің жалпы тұрақтылығын көрсетеді. Компания деңгейіндегі сату көлемінің айырмашылығы (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда -13%) сату портфеліндегі құрылымдық өзгерістерге емес, негізінен клиенттердің жеткізуге арналған сұраныстарының түсу мерзімдеріне байланысты. Сату көлемдері тоқсаннан тоқсанға айтарлықтай өзгеруі мүмкін, ал уран секторына тән жоғарыда аталған ерекшеліктерге байланысты тоқсандық сату көлемдері жылдан жылға да өзгеріп отыруы ықтимал.
2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша Топтың U₃O₈ дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) 8 245 тоннаны (21,4 млн фунт) құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға жоғары (2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша – 6 677 тонна / 17,4 млн фунт). Компанияның корпоративтік орталығы мен ТHK деңгейінде U3O8 дайын өнім қоры 6 200 тоннаны (16,1 миллион фунт) құрады, бұл 2025 жылдың 30 маусымдағыдан (5 372 тонна / 14,0 миллион фунт) 15% жоғары. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қорлардың (қалдықтардың) ұлғаюы негізінен өткен кезеңмен салыстырғанда өндіріс көлемінің ұлғаюымен және сату көлемінің төмендеуімен байланысты.
Есепті кезең ішінде споттық бағаның 25% өсуі Топ пен Компанияның орташа сату бағаларының 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 16% және 13% өсуіне әсер етті. Компанияның қолданыстағы сату портфеліне уранның споттық бағаларымен байланысты ұзақ мерзімді келісімшарттар кіреді. Сонымен қатар ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберіндегі кейбір жеткізілімдерде белгіленген баға элементтері, оның ішінде басқа баға жағдайларында қалыптастырылған жоғарғы шекті бағалар көзделген..
Уран нарығында тоқсан сайынғы нәтижелер мен тоқсан сайынғы қызмет динамикасы жыл бойынша болжамдарға қатысты көрсеткіштер болып табылмайды; жыл бойынша болжамдарды көру үшін Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдаудағы 10.1 Уранды сату бағасына сезімталдықты талдау бөлімінде жарияланған баға сезімталдығы кестесін қараңыз.
Уран өнімінің ақшалай құны және күрделі шығындары
|
|
|
30 маусымда аяқталған 6 айға |
|
|
|
(басқасы көрсетілмесе, миллион теңгемен) |
|
2025 |
2024 |
өзгеріс |
|
C1 Ақшалай шығындар (қатысу үлесіне пропорционалды) |
АҚШ долл./ |
24,48 |
17,86 |
37% |
|
Күрделі шығындар (қатысу үлесіне пропорционалды) |
АҚШ долл./ |
13,97 |
12,95 |
8% |
|
AISC Ақшалай шығындар + күрделі шығындар |
АҚШ долл./ |
38,45 |
30,81 |
25% |
|
Кен өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындары (100% негізінде)* |
160 546 |
160 954 |
160 546 |
|
* Жою қорлары мен жою шығындарын қамтымайды. Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдаудағы 6.0 Күрделі шығыстарға шолу бөлімінде қорытынды нәтижелерге жою қорлары мен жою шығындары енгізілетініне назар аударыңыз.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Ақшалай өзіндік құн (C1) қатысу үлесіне пропорционалды» және «Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (AISC) қатысу үлесіне пропорционалды» көрсеткіштері 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 37% және 25% ұлғайды. С1 көрсеткішінің өсуі негізінен ПҚӨС (Пайдалы қазбаларды өндіру салығы) мөлшерлемесінің 9% -дан 12,4%-ға дейін өсуіне (Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдаудағы 4.4 «Салық салу және Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық («ПҚӨИ»)» бөлімін қараңыз), сондай-ақ күкірт қышқылының құнының өсуіне байланысты болды (Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдаудағы 4.5 Күкірт қышқылының құны мен қолжетімділігі бөлімін қараңыз).
Долларлық мәндегі AISC көрсеткішінің артуы ақшалай өзіндік құн (С1) қатысу үлесіне пропорционалды көрсеткішінің ұлғаюымен және теңге бағамының АҚШ долларына қатысты нығаюымен байланысты. AISC көрсеткіші 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 100% негізде 160 954 млн теңгені құрады (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 160 546 млн теңге құрады). Күрделі шығындардың кен орындарын игеру бойынша жұмыстарды, инфрақұрылымды салуға жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ шикізатқа, материалдарға, жабдыққа сатып алу және бұрғылау қызметтері қамтиды (Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдаудағы 6.0 Күрделі шығыстарға шолу бөлімін қараңыз).
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткіштері
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қабылданған шаралар қауіпсіздік мәселелеріне назарды күшейтуге ықпал етті. Нәтижесінде, есепті кезеңде Компанияның өндірістік қызметі шеңберінде елеулі оқиғалар (бақылаусыз жарылыстар, қауіпті заттардың төгілуі және ғимараттардың қирауы) тіркелген жоқ.
Төменде ұсынылған кестеде 2026 және 2025 жылдардың бірінші жартыжылдығындағы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нәтижелер көрсетілген:
|
|
30 маусымда аяқталған 6 айда |
|
|
|
Көрсеткіш |
2026 |
2025 |
өзгеріс |
|
Өнеркәсіптік апаттар 1 |
– |
– |
– |
|
LTIFR (1 миллион адам-сағатқа) 2 |
0,11 |
0,06 |
83% |
|
Қауіпті жағдайлар, қауіпті әрекеттер және near-miss туралы есеп беру |
15 414 |
16 263 |
(5%) |
|
Жазатайым оқиғалар саны 3 |
2 |
1 |
100% |
|
Өлім жағдайлары |
– |
1 |
(100%) |
1 Бақыланбайтын жарылыстар, қауіпті заттардың шығарындылары немесе ғимараттардың бұзылуы ретінде анықталады.
2 Миллион сағатқа Lost Time Injury Frequency Rate (LTIFR)
3 Нәтижесінде өндірістік жарақат, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы, оны еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуға не өлімге әкеп соқтырған жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсер етуі ретінде айқындалады.
Топ барлық кәсіпорындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы стандарттарын арттыруға берік бейілділігін сақтайды. Алайда қабылданған кешенді шараларға қарамастан, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында екі жазатайым оқиға тіркелді. Бірінші жағдайда қызметкер қолынан жарақат алса, екінші жағдайда денесінің жекелеген бөліктері термиялық күйік алды. Аталған оқиғалар бойынша тергеу жұмыстары ҚР заңнамасына сәйкес жүргізілді. Арнайы тергеу аяқталғаннан кейін мұқият түрде ішкі тергеу жүргізіледі, негізгі себептер анықталады, түзету/алдын алу шаралары әзірленеді және болашақта осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау үшін рәсімдер қайта қаралады. Тергеу нәтижелері топтың барлық кәсіпорындарының назарына жеткізіледі, осылайша олар болған оқиғадан сабақ алып, өз процестерін сәйкесінше реттей алады. Компания өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде қызметкерлердің тартылу деңгейін және хабардарлығын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Қазатомөнеркәсіптің 2026 жылға арналған жаңартылған болжамды көрсеткіштері
|
|
2026 жылға арналған жаңартылған болжам |
2026 жылға арналған алдыңғы болжам |
|
|
|
490 KZT/USD |
540 KZT/USD |
|
|
Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндірісінің көлемі |
тонна уран |
27 500 – 29 000 |
27 500 – 29 000 |
|
миллиондаған фунт U3О8 |
71,49 – 75,39 |
71,49 – 75,39 |
|
|
Өндіру кәсіпорындарының U3O8 өндіру көлемі |
тонна уран |
14 500 – 15 500 |
14 500 – 15 500 |
|
миллиондаған фунт U3О8 |
37,70 – 40,30 |
37,70 – 40,30 |
|
|
|
тонна уран |
19 500 – 20 500 |
19 500 – 20 500 |
|
миллиондаған фунт U3О8 |
50,70 – 53,30 |
50,70 – 53,30 |
|
|
оның ішінде Компанияның сату көлемі |
тонна уран |
13 100 – 14 100 |
13 100 – 14 100 |
|
миллиондаған фунт U3О8 |
34,06 – 36,66 |
34,06 – 36,66 |
|
|
Топтың жалпы кірісі (қаржылық есептілікке сәйкес)5 |
млрд. теңге |
2 100 – 2 200 |
2 200 – 2 300 |
|
оның ішінде U3О8 сатудан түскен кіріс (Топ бойынша)5 |
млрд. теңге |
1 900 – 2 000 |
2 075 – 2 175 |
|
C1 Ақшалай құны (қатысу үлесі бойынша)* |
АҚШ долл./фунт |
25,50 – 27,00 |
23,50 – 25,00 |
|
AISC ақшалай өзіндік құны + |
АҚШ долл./фунт |
39,00 – 40,50 |
35,00 – 36,50 |
|
Күрделі шығындар (100% негізде)6 |
млрд. теңге |
435 – 450 |
415 – 430 |
1 Өндіріс көлемі (100% негізде): компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындардың жиынтық өндіріс көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді. Өндірістің нақты нақты көлемі конвертер деректерінің және өңдеу процесінде материалдар бойынша деректердің нәтижелері бойынша түзетілуі тиіс.
2 Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) тонна: Компания үлесі бар кәсіпорындардың иелену үлесіне пропорционалды өндіріс көлемін білдіреді және бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі қалған бөлікті қамтымайды, бұған жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне пропорционалды) кәсіпорын қатысушылары арасында жасалған Өткізу туралы келісімге сәйкес анықталатын «ИИЙ» БК» ЖШС қосылмайды. «Буденовское» БК бойынша 2025-2026 жылдар аралығындағы өндіріс көлемі оффтейк-келісімшарт шеңберінде нарықтық жағдайларда толық резервтелген.
3 Топтың сату көлемі, тонна: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылатын еншілес кәсіпорындарының U3O8 сатуларын қамтиды (Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдаудағы бірінші бетіндегі Топтың анықтамасына сәйкес). Топтың U3O8 сату көлемі уранның басқа түрлерін (отын таблеткаларын және байытылған уран өнімін сатуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) сатуды қамтымайды.
4 Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек Компанияның мен THK сыртқы сатылымы кіреді. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер қамтылмаған.
5 Күтілетін кіріс белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған уран бағасына және теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарына негізделген. Пайдаланылған бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдары Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2026 жылғы түсім нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарының бөгде көздер болжамынан алшақтығына айтарлықтай дәрежеде әсер етуі мүмкін.
6 Күрделі шығындар (100% негізде): инвестициялық жобаларға қомақты күрделі шығындарды қоса алғанда, тау-кен кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды. Жою қорлары мен жою шығындарын қамтымайды. 2026 жылға «Буденовское» БК» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС (Жалпақ), «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» (Инкай-3) бойынша кеніштердің инфрақұрылымын дамытуға шамамен 119 млрд теңге көлемінде шығындар енгізілді( 2026 жылға арналған алдыңғы болжам – 121 млрд теңге).
* Кейбір БК бойынша серіктес өзінің өндіріс үлесін сатып алудан бас тартқан жағдайда, Компанияның осындай қосымша көлемді (Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды өндіріс көлемінен тыс) сатып алуға құқығы бар.
** U3О8 уранның кг фунтқа шағып есептеу коэффициенті 2,5998 екеніне назар аударыңыз.
Қазіргі уақытта Компания 2026 жылға арналған өндіріс пен сату көлемі бойынша болжамды көрсеткіштерін өзгеріссіз қалдыруда.
Теңге бағамының АҚШ долларына қатысты болжамды көрсеткіштермен салыстырғанда нығаюы Компанияның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижелеріне, сондай-ақ жылдық болжамды көрсеткіштеріне әсер етті. Осыған байланысты, Компания барлық қаржылық көрсеткіштер бойынша 2026 жылға арналған өз болжамын қайта қарауда. Казатомөнеркәсіп негізінен теңге бағамының АҚШ долларына қатысты бастапқы жоспарланған көрсеткіштермен салыстырғанда нығаюы салдарынан Топ бойынша түсім, соның ішінде U3O8 өткізуден түсетін түсім бөлігінде өзінің болжамды көрсеткіштерін шамалы төмендетеді.
Осы себепті Компания долларлық мәндегі «Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» және «Ақшалай өзіндік құн + өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша), AISC» көрсеткіштерін де қайта қарауда, оларға шикізат пен материалдар, негізінен күкірт қышқылы бағасының айтарлықтай өсуі де әсер етті. Күкірт қышқылы бағасының өсуі өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындарына (100% негізде) әсер етеді, өйткені Топ блоктарды бастапқы қышқылдандыру үшін пайдаланылатын күкірт қышқылына жұмсалған шығындарды капиталдандырады. 2026 жылға арналған күрделі шығындар болжамына болашақ кезеңдердегі өндіріс көлемін қамтамасыз ету үшін 2026 жылғы ауқымды бұрғылау мен ұңғымаларды салуды қоса алғанда, технологиялық блоктарды дайындау жұмыстарының үлкен көлемі мен құны да әсер етті, бұл жұмыстарға жұмсалатын шығындар бастапқы болжамдармен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Түсім бойынша, сондай-ақ «Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» және «Ақшалай өзіндік құн + өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар), AISC» көрсеткіштері бойынша күтілімдер теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы мен уранның споттық бағасы Компанияның болжамдарынан қаншалықты алшақтайтынына байланысты Компанияның жоғарыда келтірілген күтілімдерінен өзгеше болуы мүмкін.
Конференц-қоңырау өткізу туралы хабарлама – 2026 жылғы бірінші жартыжылдықтағы операциялық және қаржылық нәтижелер (2026 жылғы 21 тамыз)
Қазатомөнеркәсіп 2026 жылғы 21 тамызда жарияланған 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау мақсатында конференц-қоңырау өткізуді жоспарлап отыр. Конференц-қоңырау Астана уақыты бойынша 18:00-де / BST уақыты бойынша 14:00-де / EDT уақыты бойынша 09:00-де өтеді. Компания басшылығының баяндамасынан кейін инвестициялық қоғамдастық өкілдерімен ағылшын тілінде сұрақ-жауап сессиясы өткізіледі.Ағылшын тілінде тікелей эфирге (вебкастқа) тіркелу және қосылу нөмірлері туралы толық ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз.
Орыс тілінде тікелей эфирге (вебкастқа) тіркелу және қосылу нөмірлері туралы толық ақпарат алу үшін (синхронды аудармамен) сілтемеге өтіңіз.
Конференц-қоңырау эфирінің жазбасы аяқталғаннан кейін көп ұзамай Компанияның ресми сайтында www.kazatomprom.kz сілтеме арқылы көруге болады.
Инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша
Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 81 80
Email: ir@kazatomprom.kz
Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша
Данияр Оралов, PR департаментінің директоры
Тел: +7 7172 45 80 63
Email: pr@kazatomprom.kz
Осы хабарландырудың көшірмесін www.kazatomprom.kz мекенжайы бойынша алуға болады.
Қазатомөнеркәсіп туралы
Қазатомөнеркәсіп 2025 жылы уранның жалпы әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 20% мөлшерінде Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топ саладағы уранның ең үлкен резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 27 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы озық тәжірибелерге баса назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.
Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы болып табылады, ал топтың негізгі клиенттері – Атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдерге арналған негізгі экспорттық нарықтар - Азия, Еуропа және Америка мемлекеттері. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот-нарықта тікелей өзінің корпоративтік орталығынан сатады. Астана, Қазақстан, сондай-ақ Швейцариядағы TH Kazakatom AG (THK) еншілес сауда компаниясы арқылы.
Қосымша ақпарат алу үшін біздің www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.
Болашаққа қатысты мәлімдемелер
Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер - болашаққа қатысты мәлімдемелер. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде «мақсат», «санаймыз», «күтіледі», «ниеттенеміз», «мүмкін», «болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады» деген, бірақ олармен шектелмейтін, «болуы мүмкін», «мүмкін», «керек», «мүмкін» және ұқсас мағынадағы басқа сөздер мен терминдер немесе олардың теріс формалары сияқты сөздері бар мәлімдемелер қолданылуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз сын-қатерлер, белгісіздіктер және Компанияға байланысты емес басқа да маңызды факторлар кіреді, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және оның болашақта жұмыс істейтін жағдайларына қатысты көптеген болжамдарға негізделген.
ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ, ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІМДІ ТҮРДЕ БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАУҒА БЕЙІМ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛАТЫНЫНА КЕПІЛДІК ЖОҚ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДА ЕШКІМ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА-ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты бас тартады және Компанияның болжамдарындағы өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалардағы, шарттардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа ол енгізе алатын қандай да бір өзгерістерді ашық түрде жарияламайды.